«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ!

Бүгін – ата-бабамыздың бай мұрасы мен мәдениетін дәріптейтін ерекше күн! Ұлттық киім – халқымыздың рухани қазынасы, тарихы мен дәстүрінің айқын белгісі.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ міндетіміз. Бүгінгі күн тек киім үлгісін насихаттау ғана емес, халқымыздың салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық мәдениетіміз әрдайым биік тұғырда болсын! Әр шаңыраққа береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Қазақтың ұлттық киімі – ұлттың айнасы! Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тамырымызға үңіліп, мәдениетімізді бірге дәріптейік. 

https://www.facebook.com/share/p/1HtnCfrNkK/

#nauryznama2025