«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2025-2026 оқу жылында  «Мектепке жол» Республикалық  қайырымдылық акциясының өткізілуі туралы

2025-2026 оқу жылында  «Мектепке жол» Республикалық  қайырымдылық акциясының өткізілуі туралы

 

2025-2026 оқу жылында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілді. Акция «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 29 шілде  42-42\836 бұйрығына сәйкес  «Алматы облыстық білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 30 шілде  № 468-1 бұйрығына сәйкес  «Ақтасты орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 01.08.2025  № 68   бұйрығымен  жүргізілуде.

Акцияны өткізуге мектепішілік бұйрық шығарылып, «Кеген ауданының білім бөлімі» ММ-нің «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық  акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша Кеген ауданының іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепішілік жоспар құрылды.

Жоспарға сәйкес «Қайырымдылық акциясы» туралы мектеп сайтына, мектептің әлеуметтік желілердегі парақшаларына  ақпараттар салынып, хабарландырулар ілінді. Ата-аналар мен оқушылар, демеушілер үшін «Мектепке жол» акциясы туралы тақырыптық баннер ілінді.

Сонымен қатар, Кеген ауданының аудандық «Қарқара» газетінің  алдағы санына «Жақсыдан шарапат» атты мақала баспасөз бетіне шығады..

Акция барысында мөлтек аудандарға рейд жүргізіліп, әлеуметтік санаттағы   2 жартылай жетім,  3 толық емес, 6 күн көріс деңгейі төмен, 40 көп балалы отбасынан шыққан оқушылар бар екені анықталды. Осы әлеуметтік санаттағы оқушылардың ішінен  көмекті қажет ететін оқушылар нақтыланды. Оларға қамқорлық  жасайтын демеушілер тартылды.  Оқушыларға 2 мектеп формасы, 4 оқушыға мектеп сөмкесі және  2 оқушыға спорт киімі,1 оқушыға куртка, 1 оқушыға аяқ киім,   10 оқушыға оқу құралдары берілді.

Акцияға демеушілерді тарту жұмыстары  жүргізілу нәтижесінде ауыл жастары,  ата-аналар, мектеп ұжымынан құрылған  демеушілер 150 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.