«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

"Ақтасты орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі 25-қазан-Республика күні құтты болсын!!!

Сіздерді ұлт мерейін асырып, тәуелсіздік рухын асқақтататын қасиетті мереке – 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – халқымыздың азаттыққа ұмтылған өр рухының, егемен ел болуға деген асқақ арман-тілегінің жемісі. 1990 жылы дәл осы күні еліміздің тәуелсіздігіне бастау болған тарихи шешім қабылданды. Сол сәттен бастап Қазақстан өз тағдырын өзі айқындайтын дербес мемлекет ретінде қалыптасты. Бүгінгі ұрпақ – сол ұлы мұраттардың жалғасы. Ендеше, біз білім мен бірлікті ту етіп, ел дамуына өз үлесімізді қосайық! Отанымыздың болашағы – білімді, намысты, елжанды жастардың қолында екенін ұмытпайық. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс және бейбіт өмір тілейміз!

Республика күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің туы әрдайым биікте желбірей берсін!

Ізгі тілекпен: Алматы облысы , Кеген ауданы,"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қамбарбекова Қымбат Тоғызбайқызы.

https://www.facebook.com/share/p/1CqiJgRpCS/