«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Алматы облысы,Кеген ауданы, Ақтасты ауылы “Ақтасты орта мектеп” КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі Г.Аязбаеваның ұйымдастыруымен “Көрісу күні - береке бастауы” атты ертеңгілік өткізілді

Алматы облысы,Кеген ауданы, Ақтасты ауылы “Ақтасты орта мектеп” КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі Г.Аязбаеваның ұйымдастыруымен “Көрісу күні - береке бастауы” атты ертеңгілік өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Мерекелік шара барысында қазақ дәстүрі бойынша ақ жаулықты әжелер мен аталар ортаға шығып, көпшілікпен көрісіп, ізгі тілектер айтты. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді. Ертеңгілікте 5-сыныптың қыздары “Ерке наурыз” әнін орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады. 9-сыныптың қыздары “Толғау” биін биледі. 5-сыныптың ұлдары “ Наурыз мереке” әнін айтты. Сонымен қатар 5-сыныптың оқушылары көрісу күніне арналған тағылымдық сахналық көрініс қойды. Мерекелік кеш жылы атмосферада аяқталды. Бұл ертеңгілік оқушыларға ұлттық дәстүрдің маңызын түсіндіріп, Наурыз мерекесінің мәнін тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.

https://www.facebook.com/share/v/14X1KwpjeiT/

#көрісукүні

#наурызмерекесі