Мектебімізде ақпан айының 10- ы күні бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен "Білім шыңының бастауы- бастауыш" атты апталықтың жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларымен Қанаева Жазираның өткізуімен "Ертегілер елінде" тақырыбында өздері оқыған
ертегілерінен сахналық қойылым қойды. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ертегілерді сахналауда белсенділік танытты. Апталықты қорытындылауда бастауыш бірлестігі оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.