«Қауіпсіз интернет» тақырыбында 9- сыныбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар интернетті қауіпсіз пайдалану ережелерімен танысып, жеке деректерді қорғау, бөгде адамдармен қарым-қатынас кезінде сақ болу, зиянды сайттардан аулақ жүру туралы мағлұмат алды. Сабақта бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, белсенділік танытты.





