«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Әліппемен қоштасу

Ақтасты орта мектеп мемлекеттік мекемесінде

Бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауленің ұйымдастыруымен Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болып өтті.

Оқушыларды мектеп директоры Қ.Т.Қамбарбекова құттықтап, тілек білдірді.

Мұнан соң оқушылар Әліппе, мектеп, ұстаз,ана тақырыптарында керемет тақпақтарын жатқа оқып, өткен 4 ай уақыт ішінде мектепте ұстаздарынан үйренгендерін ортаға салды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп білімдерін көрсетті.

«Қош бол, Әліппе!» атты тақырыпта өткен ертеңгілік есте қаларлықтай мәнді де мазмұнды әрі көңілді өтті.