«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

🇰🇿ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ🇰🇿

Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақтасты орта мектебі КММ-де 15.12.2025ж күні 1-4 сыныптарға «Тәуелсіздік -ең қымбат құндылығымыз» , 5-9 сыныптарға «Тәуелсіздік - бізге оңай келген жоқ» тақырыбында, ал 10-11 сынып оқушыларына «Тарихым-тағдырым, Тәуелсіздігім - мақтанышым» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді.

🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру, тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу, сондай-ақ ана тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге баулу.

Сабақ барысында оқушылар тәуелсіздік тарихы жайлы мағыналы мәліметтер алып, патриоттық өлеңдер оқып, сұрақ-жауап, танымдық тапсырмалар арқылы өз білімдерін көрсетті.

Мазмұнды да тәрбиелік мәні зор бұл сабақ оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, ел болашағына деген сенімін нығайтты.

🇰🇿 Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

https://www.facebook.com/share/v/1FeWRCUwfR/

#Адалазамат

#Біртұтастәрбие

#Тәуелсіздіккүні

#16желтоқсан