2026 жылдың 11 сәуірінде Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақтасты ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жоғары деңгейде өтті.
Бұл игі бастамаға ауыл тұрғындары, жастар, еріктілер мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Акция барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаға жанашырлықтың жарқын үлгісі көрсетілді.
Тазалық – тек бір күндік шара емес, ол – әрбір азаматтың күнделікті әдеті, мәдениеті.
Бірлік пен жауапкершілік арқасында Ақтасты ауылы тағы да көркейе түсті.
Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!
See less
https://www.facebook.com/share/v/1CLdYJDbBF/





