«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ

МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ

Алматы облысы,Кеген ауданы Ақтасты орта мектебі жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік шара өтті. Бұл күн – білімнің, тәрбиенің, жаңа қадамдар мен жарқын үміттердің мерекесі. «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында өткен салтанатты жиынға бірінші сынып оқушылары ерекше дайындықпен қатысты. Бүгін алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер үшін бұл сәт – өмірлеріндегі үлкен белес. Жаңа достар тауып, ұстаздарымен қауышқан жас шәкірттердің қуанышы жүздерінен анық көрінді.

Мерекелік шарада ауданнан келген қонақ полиция майоры М.Салимбаев, мектеп директоры Қамбарбекова Қымбат Тоғызбайқызы оқушыларға ақ тілектер айтып, ұстаздардың ізгі ниеті мен ата-аналардың ыстық ықыласы жүрекке жетті. Шара барысында мектеп ауласын ән мен жыр, шаттық пен қуаныш кернеді. Әсіресе, кішкентай шәкірттердің жүрекжарды жыр шумақтары мен әсерлі әндері жиынға ерекше сән берді.

Мектебіміздің басты құндылығы – мейірім мен білім. Білім ордасы әр баланың жүрегіне жол тауып, арман-мақсатына жетуіне бағыт беретін киелі мекен болып қала бермек. Осы жолда ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен ата-аналардың қолдауы шәкірттеріміздің жетістігіне негіз болары сөзсіз.

Алғашқы қадамдарын білім әлеміне жасаған бүлдіршіндерімізге сәттілік, жарқын болашақ тілейміз! Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымызға шабыт, оқушыларымызға табыс, ата-аналарымызға қуаныш алып келсін!