Құрметті ата - аналар бәрәншә сыныпқа қабылдау 1- сәуірден басталады
Тіліңізді таңдаңыз
Құрметті ата - аналар бәрәншә сыныпқа қабылдау 1- сәуірден басталады
8 наурыз мерекесі күніне орай "Көктем аруы - 2025" тақырыбында 6 - 10 сыныптар арасында қыздар сайысы болып өтті.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қыздарымыздың бойына қазақы салт - дәстүрімен, әдет - ғұрыптарды үйрете отырып , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. "'Мен Қазақтың қызымын" өзін таныстыру.
2. "Өнерлі өрге жүзер" өз - өнерін көрсету.
3. "Халқын сүйген - салтын сүйер" Салт дәстүрді білесіз бе? Сұрақ - жауап.
4. "Қазақ қызы бұрымды" шаш үлгісін жасау.
Қатысушы қыздарымыз өте жоғары деңгейде дайындалған.
"Бас жүлде" 6- сынып оқушысы Әли Ясмин
I - орын Сарыбай Инабат
II - орын Оспанәлі Көркемай
III - орын Бақытбай Көркемай иеленді.
Ұлттық құндылықты дәріптейтін, сұлулық пен дәстүрді насихаттайтын "Бұрымды қызға БАНТИК" челленджі.
Бұл челлендждің мақсаты әр қыздың өз ерекшелігін, әдемілігін және қадір - қасиетін көрсету, сонымен қатар мектеп немесе қоғамда достық түсіністікті арттыру.
"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 - Наурыз "Азаматтық қорғаныс " күніне орай АӘжТД пәнінің мұғалімі Қ.Алиасқаров "Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!" тақырыбында қауіпсіздік сабағын өтіп,оқушыларға "ОПУ - 5" өрт сөндіруші құралының жұмыс істеу әдісін, қорғану ережелерін түсіндірді.
5-11-сынып ата -аналарымен “Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу “ тақырыбында кездесу өткізілді.Отбасындағы ата аналардың жауапкершілігі туралы кеңес беріліп, “Тілек тілеңіз” тренингі өткізілді.Мақсаты:Отбасындағы ата ананың жауапкершілігін арттыру,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу.
Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген "1-Наурыз - Алғыс айту" күні мерекесіне орай
"Алтын жүрек"
челленджі түсірілді.
Мақсаты: Оқушылардың жанұяға, ата - анаға, ұстаздарға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
Бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
"Жасөспірім шақтағы ерте жүктіліктің алдын алу"дөңгелек үстел
9 -10 -сыныптар
Уақыты : 12.02.2025ж
Сағ: 15:00
Кеген ауданы ПБ УПИ полиция майоры Дауренбекұлы Нұрлан
Кеген ауданы ПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Сайранбаев Ернұр Айдынкожаевич
Кеген ауданы ПБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Анекеева Маржан Абайқызы
https://www.facebook.com/share/v/1Zp3nbP6gW/
Мектебімізде ақпан айының 10- ы күні бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен "Білім шыңының бастауы- бастауыш" атты апталықтың жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларымен Қанаева Жазираның өткізуімен "Ертегілер елінде" тақырыбында өздері оқыған
ертегілерінен сахналық қойылым қойды. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ертегілерді сахналауда белсенділік танытты. Апталықты қорытындылауда бастауыш бірлестігі оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім алушылары мектеп асханасының аспазшылары Тұрғынова Жамалхан, Қоғабекова Жазира апайларына алғыстарын білдірді.
28.01.2025 жылы Ақтасты орта мектебінде 8-11 сынып қыздар арасында "Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында жоспарлы қыздар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жиналысқа аналар алқасының төрайымы Байбекова Қарғаш шақырылды.Қыз балалардың өзін-өзі ұстауы, тәртібі, жеке бас гигиеналары талқыланды.
7-8 сынып оқушылары тоқсандық білімді бақылау тестті тапсырды