"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.11.2025ж.діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу,қауіптері туралы оқушыларға түсіндіру сабағы өтті.
Тіліңізді таңдаңыз
“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы сенбілік
Ақтасты орта мектебінде 2025 жылы 11 қазан күні республикалық “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен кіші қызметкерлер аула аумағын тазалап, жасыл желекке күтім жасады. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл сенбілік барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпаққа туған жер табиғатын аялау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді.
"Ақтасты орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханашы К.Дүйсебаева
"Демалыста кітап оқимыз"тақырыбында оқушылармен сабақ өткізді.
Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
"Ақтасты орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25-қазан-Республика күні құтты болсын!!!
Ел аман, жұрт тыныш болсын!!!
Сіздерді ұлт мерейін асырып, тәуелсіздік рухын асқақтататын қасиетті мереке – 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – халқымыздың азаттыққа ұмтылған өр рухының, егемен ел болуға деген асқақ арман-тілегінің жемісі. 1990 жылы дәл осы күні еліміздің тәуелсіздігіне бастау болған тарихи шешім қабылданды. Сол сәттен бастап Қазақстан өз тағдырын өзі айқындайтын дербес мемлекет ретінде қалыптасты. Бүгінгі ұрпақ – сол ұлы мұраттардың жалғасы. Ендеше, біз білім мен бірлікті ту етіп, ел дамуына өз үлесімізді қосайық! Отанымыздың болашағы – білімді, намысты, елжанды жастардың қолында екенін ұмытпайық. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс және бейбіт өмір тілейміз!
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің туы әрдайым биікте желбірей берсін!
Ізгі тілекпен: Алматы облысы , Кеген ауданы,"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қамбарбекова Қымбат Тоғызбайқызы.
https://www.facebook.com/share/p/1CqiJgRpCS/
Ақтасты орта мектебі 22 наурыз -Ұлыстың ұлы күні Наурызнама онкүндігін өткізу іс- шара жоспарына сәйкес 15 наурыз күні " Балаларға базарлық" атты акция өткізілді.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күніне орай оқушыларға мейірімділік көрсету, қуанышқа бөлеу.
Мектеп оқушыларының сапалы білім алуына ықпал жасап, ауыл азаматтары балаларға базарлық ретінде интерактивті тақта және қазақ үй табыс етті.Мектеп ұжымының атынан жомарт жандарға алғысымыз шексіз. https://www.instagram.com/reel/DHOBR6Ho_af/?igsh=d2VrNHoxYjA0d3Vq
2025-2026 оқу жылында «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясының өткізілуі туралы
2025-2026 оқу жылында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілді. Акция «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 29 шілде 42-42\836 бұйрығына сәйкес «Алматы облыстық білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 30 шілде № 468-1 бұйрығына сәйкес «Ақтасты орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 01.08.2025 № 68 бұйрығымен жүргізілуде.
Акцияны өткізуге мектепішілік бұйрық шығарылып, «Кеген ауданының білім бөлімі» ММ-нің «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша Кеген ауданының іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепішілік жоспар құрылды.
Жоспарға сәйкес «Қайырымдылық акциясы» туралы мектеп сайтына, мектептің әлеуметтік желілердегі парақшаларына ақпараттар салынып, хабарландырулар ілінді. Ата-аналар мен оқушылар, демеушілер үшін «Мектепке жол» акциясы туралы тақырыптық баннер ілінді.
Сонымен қатар, Кеген ауданының аудандық «Қарқара» газетінің алдағы санына «Жақсыдан шарапат» атты мақала баспасөз бетіне шығады..
Акция барысында мөлтек аудандарға рейд жүргізіліп, әлеуметтік санаттағы 2 жартылай жетім, 3 толық емес, 6 күн көріс деңгейі төмен, 40 көп балалы отбасынан шыққан оқушылар бар екені анықталды. Осы әлеуметтік санаттағы оқушылардың ішінен көмекті қажет ететін оқушылар нақтыланды. Оларға қамқорлық жасайтын демеушілер тартылды. Оқушыларға 2 мектеп формасы, 4 оқушыға мектеп сөмкесі және 2 оқушыға спорт киімі,1 оқушыға куртка, 1 оқушыға аяқ киім, 10 оқушыға оқу құралдары берілді.
Акцияға демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілу нәтижесінде ауыл жастары, ата-аналар, мектеп ұжымынан құрылған демеушілер 150 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
Алматы облысы,Кеген ауданы Ақтасты орта мектебі жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік шара өтті. Бұл күн – білімнің, тәрбиенің, жаңа қадамдар мен жарқын үміттердің мерекесі. «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында өткен салтанатты жиынға бірінші сынып оқушылары ерекше дайындықпен қатысты. Бүгін алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер үшін бұл сәт – өмірлеріндегі үлкен белес. Жаңа достар тауып, ұстаздарымен қауышқан жас шәкірттердің қуанышы жүздерінен анық көрінді.
Мерекелік шарада ауданнан келген қонақ полиция майоры М.Салимбаев, мектеп директоры Қамбарбекова Қымбат Тоғызбайқызы оқушыларға ақ тілектер айтып, ұстаздардың ізгі ниеті мен ата-аналардың ыстық ықыласы жүрекке жетті. Шара барысында мектеп ауласын ән мен жыр, шаттық пен қуаныш кернеді. Әсіресе, кішкентай шәкірттердің жүрекжарды жыр шумақтары мен әсерлі әндері жиынға ерекше сән берді.
Мектебіміздің басты құндылығы – мейірім мен білім. Білім ордасы әр баланың жүрегіне жол тауып, арман-мақсатына жетуіне бағыт беретін киелі мекен болып қала бермек. Осы жолда ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен ата-аналардың қолдауы шәкірттеріміздің жетістігіне негіз болары сөзсіз.
Алғашқы қадамдарын білім әлеміне жасаған бүлдіршіндерімізге сәттілік, жарқын болашақ тілейміз! Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымызға шабыт, оқушыларымызға табыс, ата-аналарымызға қуаныш алып келсін!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 24.04.2025 күні "Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан тарихы сабағынын ашық сабақ өткізілді
Бүгін – ата-бабамыздың бай мұрасы мен мәдениетін дәріптейтін ерекше күн! Ұлттық киім – халқымыздың рухани қазынасы, тарихы мен дәстүрінің айқын белгісі.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ міндетіміз. Бүгінгі күн тек киім үлгісін насихаттау ғана емес, халқымыздың салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық мәдениетіміз әрдайым биік тұғырда болсын! Әр шаңыраққа береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Қазақтың ұлттық киімі – ұлттың айнасы! Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тамырымызға үңіліп, мәдениетімізді бірге дәріптейік.
17.03.2025 күні "Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Ұрпақтар санасына ұлттық мəдениет пен ұлттық салт - дəстүрлерімізді дəріптеу мақсатында 8 - сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Тұсау кесер" ата - дəстүр салтымыз көрсетілді. Қадамы құтты болсын, үлкен азамат болсын деп, шашу шашылып, тілектер айтылды. Тұсау кесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі болып есептелінеді. https://www.facebook.com/share/p/1FEHvq6oeA/
Ақтасты орта мектебі 22 наурыз -Ұлыстың ұлы күні Наурызнама онкүндігін өткізу іс- шара жоспарына сәйкес 15 наурыз күні " Балаларға базарлық" атты акция өткізілді.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күніне орай оқушыларға мейірімділік көрсету, қуанышқа бөлеу.
Мектеп оқушыларының сапалы білім алуына ықпал жасап, ауыл азаматтары балаларға базарлық ретінде интерактивті тақта және қазақ үй табыс етті.Мектеп ұжымының атынан жомарт жандарға алғысымыз шексіз.
#біртұтас_тәрбие
#nauryznama2025
https://www.instagram.com/reel/DHOBR6Ho_af/?igsh=d2VrNHoxYjA0d3Vq