Кеген ауданы бойынша мұғалімдерге арналған Квал тестіні "Ақтасты орта мектеп" КММ-нің мұғалімдері де толық тапсырып,жақсы нәтиже көрсетті.
Тіліңізді таңдаңыз
04.02.2025 жыл
ӘКІМШІЛІК ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды:
1. Мектептің аудандық, облыстық олимпиадаларға, ғылыми жобалар жарысына қатысу қорытындылары туралы
2. Халықаралық зерттеулерге/PISA, TIMSS, MODO/ мұғалімдердің дайындық жұмыстары жайлы
3. Тарих, құқық пәндерінің оқытылуы
20.01.2025 күні "Ақтасты орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие" жобасы бойынша бастауыш сынып қыздарымен
"Бұрымды қыз" челленджі өткізілді.
Қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар мектебімізде аз емес.
Челлендж жыл бойына жалғасын таппақ. https://www.facebook.com/share/p/15DsJcbB11/
Ақтасты орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік педагог Канаева, кәсіподақ төрайымы Алпарова.Г. педагог ұйымдастырушы Ақынбай Гүлімнің ұйымдастыруымен Қош келдің , Жаңа жыл атты мерекелік ертеңгіліктер өткізілді.Мерекеге ТОО "Жаңа Ақтасты" директоры Саламатов .Б. қатысып, балалардың өнерін тамашалап, балаларға жаңа жылдық жүрек жарды тілегін білдірді. Мектебіміздің өте жақсы оқыған оқушыларына және әлеуметтік санаттағы оқушыларға демеушілерден тәттілер сыйға тартылды.Ата - аналар алғыстарын білдірді.
Ақтасты орта мектеп мемлекеттік мекемесінде
Бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауленің ұйымдастыруымен Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болып өтті.
Оқушыларды мектеп директоры Қ.Т.Қамбарбекова құттықтап, тілек білдірді.
Мұнан соң оқушылар Әліппе, мектеп, ұстаз,ана тақырыптарында керемет тақпақтарын жатқа оқып, өткен 4 ай уақыт ішінде мектепте ұстаздарынан үйренгендерін ортаға салды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп білімдерін көрсетті.
«Қош бол, Әліппе!» атты тақырыпта өткен ертеңгілік есте қаларлықтай мәнді де мазмұнды әрі көңілді өтті.
“Мектепке жол!” акциясы аясында “Отбасылық әл-ауқат” тақырыбында аз қамтылған отбасы балаларына қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
2025 жылдың 6 қаңтар күні «Ақтасты орта мектеп» КММ мекмесінің ұжымы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша әдістемелік кеңес отырысын өткізді. Отырыста әр бірлестік жетекшісі 1,2-тоқсанда өткізілген жұмыс қорытындысының есебін берді.ЕБҚ бар оқушылармен жұмыс бойынша мектеп мамандарының: психолог, логопед, дефектолог, педагог-ассисент ұсыныстары тыңдалды.
